Қазақстан балуандары жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 14 жүлде иеленді
Вьетнамның Дананг қаласында күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстан құрамасы бұл бәсекеде 14 медаль жеңіп алды.
Еркін күрес
Әділет Рысбай (71 кг) жарыс жеңімпазы атанса, Мардан Орынбасаров (60 кг) күмістен алқа тақты. Ал Сабыржан Рахатов (51 кг), Темірғали Мұрат (55 кг), Әділбек Ерболатов (80 кг), Нұрислам Айтуған (92 кг) қола медальға ие болады.
Грек-рим күресі
Қуанышбек Жаңажол (51 кг), Мирас Махамбет (65 кг) алтын медаль жеңіп алды. Арыстан Темерғали (110 кг) күміс жүлдегер атанды. Әли Алмас (45 кг), Датқа Лесбек (48 кг) үшінші орын алды.
Әйелдер күресі
Інжу Баққожа (46 кг), Арайлым Көпжасар (53 кг) күміс медальға ие болды. Аянат Мейнамбай (49 кг) қола жүлде жеңіп алды.
Фото: ҰОК
Ең көп оқылған