457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан балуандары U20 Азия чемпионатын 18 медальмен түйіндеді

Таиландтың Паттайя қаласында өткен күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі (U20) Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы құрлық біріншілігін 18 медальмен аяқтап, барлық үш күрес түрінде жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Еркін күрестен Қазақстан қоржынына екі алтын, үш күміс және екі қола медаль түсті. Азия чемпионы атанғандар қатарында 61 келіге дейінгі салмақта Бекасыл Асамбек пен 74 келіге дейінгі салмақта Нұрдәулет Сейілбеков бар. Күміс жүлдені Сұңқар Сейдахмет (70 келіге дейін), Бейбарыс Ерғали (92 келіге дейін) және Самир Дурсунов (97 келіге дейін) жеңіп алды. Ал Айбек Қалиахмет (79 келіге дейін) пен Асхаб Хаджиев (86 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.

Әйелдер күресінде Жаңыл Бекен (65 келіге дейін) мен Ұлдана Тілеухан (68 келіге дейін) күміс медаль иеленсе, Динара Дауылқызы (53 келіге дейін), Анна Стратан (57 келіге дейін) және Айжан Мұратбай (59 келіге дейін) қола жүлдеге қол жеткізді.

Грек-рим күресінде Бақдәулет Тұрсынбек (77 келіге дейін), Еркебұлан Анапия (82 келіге дейін) және Әлихан Тағаев (87 келіге дейін) Азия чемпионатының күміс жүлдегерлері атанды. Ал Әмірмұхаммед Қабулов (55 келіге дейін), Алпамыс Болатұлы (60 келіге дейін) және Максим Украинцев (97 келіге дейін) жарысты қола медальмен аяқтады.

Осылайша, Қазақстан құрамасы U20 Азия чемпионатын 2 алтын, 8 күміс және 8 қола медальмен қорытындылап, құрлықтық додада табысты өнер көрсетті.

 

Фото: ҰОК