457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан балуандары Тбилиси Гранд Слэмін 2 жүлдемен аяқтады 

Нұрқанат Серікбаев 66 келіде топ жарса, 60 келіде Талғат Орынбасар қола жүлдеге қол жеткізді.

Грузия астанасында өтіп жатқан Град Слэм бәсекесінде Қазақстан ұлттық құрамасының балуандары соңғы жарыс күнін сәтсіз аяқтады, деп хабарлайды malimsports.kz. 
1bol.kz-тің жазуынша, татамиге шыққан отандық спортшылар алғашқы айналымнан өткенімен, екінші кезеңде жаппай жеңіліп жатты.
-90 келіде Барақ Арқабай жарысты екінші айналымнан бастағанымен, эстониялық Клен Кристофер Кальюлайдқа жол беріп, жүлдеден тыс қалды. Ал -100 келіде Бағжан Байтас алғашқы айналымда грузия балуаны Николоз Заалишвилиден басым түсті. Бірақ екінші белдесуінде украиналық Ярослав Давидчукқа қарсы қауқар татытпады.
Аталған салмақта татамиге шыққан Бейбіт Медеев Венгрия өкілі Зомбор Вегті жеңіп қуантқан еді. Өкінішке қарай, келесі кезеңде сербиялық Дарко Брасньовичтен айласын асыра алмады.
Ұлттық құрама бапкерлері аса ауыр салмақта қызылордалық Еламан Ерғалиевке сенім артқан болатын. +100 келіде татамиге шыққан балуанымыз алғашқы айналымда Грузия балуаны Гела Заалашвилиді жарыс жолынан шығарды. Алайда екінші белдесуде Әзірбайжан балуаны Джамал Гамзатхановтан кезекті рет жеңілді. Ерғалиев әзірбайжандық спортшымен 1 наурыз күні Ташкент Гранд слэмінің жұбаныш белдесуінде күресіп, мүмкіндігін мүлт жіберген-тін.
Қазақстан дзюдошылары Грузия бәсекесінде 1 алтын, 1 қола жүлде иеленді. Оның ішінде Нұрқанат Серікбаев 66 келіде топ жарса, 60 келіде Талғат Орынбасар қола жүлдеге қол жеткізді.

Фото: Ашық дереккөзден