457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан балуандары Испаниядағы Гран-приде 24 медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Испанияның Мадрид қаласында өткен күрестен халықаралық Гран-при турнирінде сәтті өнер көрсетіп, жалпы саны 24 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Еркін күресте қазақстандықтар 11 жүлде еншіледі. Алтын медальдарды Дәулет Әмірханов (57 кг), Нұрлыбек Базарбаев (61 кг) және Жанқожа Әбілтаев (70 кг) жеңіп алды.

Күміс жүлдеге Ерасыл Мұхтарұлы (57 кг), Мұхамед Балғабай (61 кг), Акбар Құрбанов (65 кг) және Шерхан Әбіл (70 кг) ие болды.

Ал Жанболат Қабиден (70 кг), Талап Жолдасов (70 кг), Арсен Қабден (74 кг) және Наурыз Ахмедханов (86 кг) қола медальға қол жеткізді.

Грек-рим күресінде ұлттық құрама 13 жүлде жеңіп алды. Чемпион атанғандар қатарында Едіге Төлеутаев (55 кг) пен Ілияс Дәуітов (63 кг) бар.

Күміс жүлдені Айбат Рахим (55 кг), Жанболат Сапарбек (60 кг), Досжан Өтепқалиев (63 кг), Дінмұхамед Омаров (72 кг) және Әлмір Төлебаев (82 кг) иеленді.

Қола медальдарды Омар Ахон (60 кг), Шыңғыс Қайрат (63 кг), Николай Хапко (72 кг), Расул Жүніс (77 кг), Санжар Сабитов (82 кг) және Аянбек Ибраев (97 кг) жеңіп алды.

 

Фото: Біріккен күрес әлемі