457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан балуандары Будапешт турнирінде үш жүлде иеленді

Қазақстан құрамасы бір күміс және екі қола медаль иеленді.

Венгрия астанасы Будапештте күрес түрлерінен халықаралық рейтингтік турнир өз мәресіне жетті, деп хабарлайды malimsports.kz 

Жарыстың соңғы күні грек-рим күресі бойынша жүлделер сарапқа салынып, Қазақстан құрамасы бір күміс және екі қола медаль иеленді.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ернұр Фидахметов финалда Қырғызстан өкілі Жоламан Шаршенбековке есе жіберіп, турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Ал 55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Исхар Курбаев қола жүлде үшін өткен белдесуде үндістандық Лалитті жеңіп, Қазақстан қоржынына тағы бір медаль салды.

Бұған дейін 67 келіге дейінгі салмақта белдескен Дінмұхаммед Қошқар да қола жүлдеге ие болған еді. Осылайша, Қазақстан құрамасы Будапешттегі халықаралық рейтингтік турнирді бір күміс және екі қола медальмен аяқтады.

Фото: ҰОК