457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан балуандары Албаниядағы турнирде қанша медаль жеңіп алды

Аталған жарыста Қазақстан құрамасы 11 медаль иеленген.

Албанияның Тирана қаласында күрес түрлерінен рейтингтік турнир аяқталды. Аталған жарыста Қазақстан құрамасы 11 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz

Әйелдер арасында Зейнеп Баянова (50 келіге дейін), Лаура Алмағанбетова (55 келіге дейін) және Жәмилә Бақбергенова (72 келіге дейін) алтын медаль иеленді. Нилуфар Раимова (57 келіге дейін) мен Гүлмарал Еркебаева (76 келіге дейін) жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Грек-рим күресінде Мейіржан Шермаханбет (67 келіге дейін) чемпион атанды. Марлан Мұқашев (55 келіге дейін) пен Ернұр Фидахметов (63 келіге дейін) жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Еркін күресте Болат Сақаев (86 келіге дейін), Азамат Дәулетбеков (92 келіге дейін) және Ризабек Айтмұхан (97 келіге дейін) үшінші орынға ие болды.

Фото: ҰОК