Мәзір
Күрес

Қазақ қызы әлем чемпионатының финалына шықты

Сабина Асқарқызы 445 қаралым
Қазақ қызы әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық балуан Шұғыла Өмірбек 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы 2025 жылғы әлем чемпионатының финалына жолдама алды.

Жарыс Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатыр.

Белдесулер нәтижесі:

1/8 финал: Шұғыла Өмірбек – Михаэла Самойлов (Молдова) – есеп 10:2.

1/4 финал: Шұғыла Өмірбек – Александра Волкулеску (Румыния) – есеп 3:1.

1/2 финал: Шұғыла Өмірбек – Амори Оливия Андрич (Германия). Шұғыла қарсыласын бір минут ішінде жамбасқа жатқызып, белдесуді уақытынан бұрын аяқтап, таза жеңіспен финалға шықты.

Финалдық кездесу:
Шұғыла Өмірбек енді Түркия елінің спортшысы, 2025 жылғы U23 Еуропа чемпионы Түба Демирмен кездеседі.
Финал 24 қазан күні, Астана уақыты бойынша 21:00-де өтеді.

Бұл нәтиже – қазақстандық әйелдер күресі тарихындағы маңызды жетістік. Шұғыла Өмірбек жоғары деңгейдегі дайындық пен техникалық шеберлігін көрсетіп, ел намысын лайықты қорғауда.

Фото: UWW

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар