Мәзір
Күрес

Қазақ күресінен әлем кубогі: Алғашқы жарыс күнінде қазақстандық балуандар топ жарды

Сабина Асқарқызы 130 қаралым
Қазақ күресінен әлем кубогі: Алғашқы жарыс күнінде қазақстандық балуандар топ жарды

Түркістан қаласындағы Olympic Center спорт кешенінде қазақтың даңқты балуаны, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының жүлдесіне арналған ересектер арасындағы қазақ күресінен Әлем кубогі басталды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бәсекенің алғашқы жарыс күні өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды

55 келі

Бұл салмақта барлық жүлдені қазақстандық балуандар жеңіп алды.

I орын – Дияс Дәулет (Қазақстан)

II орын – Қуаныш Мақсұтов (Қазақстан)

III орын – Теміржан Руслан (Қазақстан)

 

66 келі

I орын – Искандар Махмадхожазода (Тәжікстан)

II орын – Ислам Камчыбеков (Қырғызстан)

III орын – Нұрдәулет Алдаберген (Қазақстан)

III орын – Гиги Отиашвили (Грузия)

 

82 келі

I орын – Нұрдәулет Бақтыбайұлы (Қазақстан)

II орын – Шаххром Махаматкаримов (Өзбекстан)

III орын – Дмитрий Динер (Қазақстан)

III орын – Сұлтан-Бейбарыс Қайратұлы (Қазақстан)

 

100 келі

I орын – Ерасыл Амангелді (Қазақстан)

II орын – Елмар Жанболатұлы (Қазақстан)

III орын – Зураб Чагелишвили (Грузия)

III орын – Аманджоли Суантай (Қытай)

Алғашқы жарыс күнінің қорытындысы бойынша, қазақстандық балуандар төрт салмақтың үшеуінде чемпион атанып, ел намысын лайықты деңгейде қорғады.

 

 

Фото: Qazaq Kuresi Ассоциациясының баспасөз қызметі

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар