457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақ дзюдошылары Ташкент турнирінің алғашқы жарыс күнінде жүлдесіз қалды

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында дзюдодан Grand Slam санатындағы ірі халықаралық турнир басталды.

Ташкентте өткен Grand Slam турнирінде қазақстандық дзюдошылар алғашқы айналымнан аса алмады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында дзюдодан Grand Slam санатындағы ірі халықаралық турнир басталды.

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы атынан төрт балуан татамиге шықты. Алайда олардың барлығы бірінші айналымда қарсыластарына есе жіберді.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мағжан Шамшадин Бахрейн өкілі Руслан Полторацкийге жол берсе, Талғат Орынбасар өзбекстандық Камоллидин Бахтиеровтан жеңілді.

Ал 66 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Серікбаев пен Ақылжан Жұбатканов белдесті. Серікбаев өзбекстандық Бобур Ваджиевтен ұтылса, Жұбатканов бразилиялық Рональд Лимаға есе жіберді.

Айта кетейік, Grand Slam турнирі әлемдік рейтинг үшін маңызды ұпайлар үлестіреді.

Фото: IJF