Мәзір
Күрес

Қазақ дзюдошылары Ислам елдері ойындарын сәтті бастады

Сабина Асқарқызы 191 қаралым
Қазақ дзюдошылары Ислам елдері ойындарын сәтті бастады

Қазақстан құрамасының дзюдошылары Ержан Еренқайыпов пен Толғанай Әбеуова Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында алғашқы белдесулерінде жеңіске жетті.

Еренқайыпов 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нигер елінің өкілі Исмаэль Альхасаннан басым түсті.

Ал әйелдер арасында 52 келіге дейінгі салмақта Толғанай Әбеуова Қырғызстан спортшысы Сабина Кожомбердиевадан жеңісті жұлып алды.

Сурет: Нұрғали Жұмағазы

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар