457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақ балуаны АҚШ лигасында күресетін болды

Real American Freestyle (RAF) - еркін күрестен 2025 жылы басталған кәсіби жоба.

Еркін күрестен әлем чемпионатының қола жүлдегері Асылжан Есенгелді америкалық RAF лигасынан шақырту алды, деп хабарлай malimsports.kz Sportbugin.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Қазіргі таңда мен АҚШ-та жаттығып жүрмін. Жақында Real American Freestyle (RAF) лигасын ұйымдастырушылар хабарласып, менен қажетті ақпараттарды алды. Алдағы екі-үш ай ішінде осы лига аясында жекпе-жек өткіземін»,  - деді Асылжан Есенгелді.

Real American Freestyle (RAF) - еркін күрестен 2025 жылы басталған кәсіби жоба. Бұл лигада еркін күрес балуандарынан  бөлек, ММА өкілдері де бақ сынауға мүмкіндік берілген. 

Жақында екі дүркін Олимпиада чемпионы, алты дүркін әлем чемпионы Абдулрашид Садулаев аталған жобамен келісімшартқа отырғаны белгілі. Ол жобамен алғашқы белдесуін мамыр айында өткізуі мүмкін. 

Айта кетелік, егер Асылжан Есенгелді осы жобада бақ сынайтын болса, кәсіби америкалық лигада белдескен алғашқы қазақ балуаны атанбақ. 

Ол 2025 жылы Хорватия астанасы Загреб қаласында өткен әлем чемпионатында 61 келіде қола жүлде иеленді. Қазіргі уақытта ол АҚШ-та жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. 

Фото: tonyrotundo.smugmug.com