457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақ балуандары UWW Гран-приінде 6 алтын медаль иеленді

«Германия Гран-приі» (Grand Prix of Germany) - UWW қамқорлығымен жыл сайын Дортмундта өтетін грек-рим күресінен беделді халықаралық турнир.

Қазақстандық грек-рим күресінің балуандары Германияның Дортмунд қаласында өткен UWW Гран-приінде 6 алтын медаль жеңіп алды, деп жазады malimsports.kz еліміздің грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясына сілтеме жасап. 

Финалдық белдесулердің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының 6 спортшысы өз салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Олар:

55 кг: Арсен Жұма

60 кг: Айбек Айтбеков 

63 кг: Айдос Сұлтанғали  

67 кг: Бағдат Сабаз 

77 кг: Юсуф Ашрапов 

77 кг: Мерей Мәулитханов. 

«Германия Гран-приі» (Grand Prix of Germany) - UWW қамқорлығымен жыл сайын Дортмундта өтетін грек-рим күресінен беделді халықаралық турнир. Биыл жарыс 14-16 тамыз аралығында ұйымдастырылды.

Турнирге әлемнің үздік грек-рим күресі шеберлері қатысып, ол әлем чемпионатына дайындықтың маңызды кезеңдерінің бірі саналады. Биыл Қазақстан құрамасы Германиядағы жарысқа 20 балуанды жіберді.

Еске салайық, Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы күрестен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілдері Дияр Аманәлі мен Бақдәулет Ағабек алтын медаль иеленген болатын. 

Фото: грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы

Ең көп оқылған