Қазақ балуандары Дэвид Тейлорға шапан жауып, құрмет көрсетті
Еркін күрестен Қазақстан құрамасы АҚШ-тағы оқу-жаттығу жиынында Олимпиада чемпионы Дэвид Тейлор-ға шапан жауып, құрмет көрсетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
86 келіде белдескен Дэвид Тейлор елімізден барған спортшыларды жылы қарсы алды. Ұлттық құрама балуандарының қатарында әлем чемпионы Нұрқожа Қайпанов және Қанат Есенәлиев бастаған бапкерлер болды.
Айта кетейік, Дэвид Тейлор 2024 жылы спорттық мансабын аяқтап, АҚШ-та ұзақ мерзімді келісімшартқа отырып, бапкерлік қызметке кіріскен. Ол Париж Олимпиадасының іріктеуінде есе жіберіп, негізгі ойындардан тыс қалғанымен, 2024 жылы Венгрияда олимпиадалық емес салмақ дәрежесінде әлем біріншілігінде 92 келіде қола медаль жеңіп алған.
Фото: әлеуметтік желіден
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған