Қазақ балуандары әлем чемпионатын 2 алтын, 2 күміс және 4 қола жүлдемен аяқтады
Әзербайжанның Баку қаласында өткен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионаты Қазақстан құрамасы үшін тарихи нәтижемен аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ел балуандары екі алтын, екі күміс және төрт қола медаль жеңіп алып, үш күрес түрі бойынша жалпыкомандалық есепте әлемнің үздік бестігіне енді.
Әлем чемпионы атағын грек-рим күресінен 55 келіге дейінгі салмақта Дияр Аманәлі мен еркін күрестен 48 келіге дейінгі салмақта Бақдәулет Ағабек жеңіп алды. Күміс жүлдеге Әли Алмас (48 кг, грек-рим) пен Айша Әбдімәлік (65 кг, әйелдер күресі) ие болды. Ал Әлинұр Төлеуғали (71 кг, грек-рим), Інжу Баққожа (46 кг, әйелдер күресі), Мардан Орынбасар (60 кг, еркін күрес) және Әділет Рысбай (71 кг, еркін күрес) қола медаль еншіледі.
Бакудегі әлем чемпионаты Қазақстанның жекелеген спортшылардың ғана емес, тұтас ұлттық құраманың әлеуетін айқын көрсетті. Жалпыкомандалық есептегі бесінші орын, екі әлем чемпионы және сегіз жүлде – қазақстандық күрестің болашағы зор екенін дәлелдейтін нәтиже. Ендігі басты міндет – осы қарқынды сақтап, әлемдік додаларда алтын жүлдеге таласатын спортшылар санын одан әрі көбейту.
Фото: Қазақстан күрес федерациясы
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған