Мәзір
Күрес

Қазақ балуандары Александр Медведь Гран-приінен жүлделі оралды

Сабина Асқарқызы 112 қаралым
Қазақ балуандары Александр Медведь Гран-приінен жүлделі оралды

Белорусь астанасы Минскіде Александр Медведьті еске алуға арналған халықаралық Гран-при турнирі аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Аталған дәстүрлі турнирде Қазақстан құрамасы 14 медаль жеңіп алды.

Еркін күрестен Едіге Қасымбек 125 келіге дейінгі салмақта алтыннан алқа тақса, Нұрлан Өтегенов (79 кг) және Дәулет Ергеш (86 кг) күміс медаль алды. Ал Мейіржан Аширов (74 кг), Ерасыл Мұхтарұлы (57 кг), Ади Серікұлы (65 кг), Начын Куулар (70 кг), Санжар Досжанов (74 кг), Нұркерім Ернияз және Бейбарыс Қасымбек (92 кг) жарысты қола медальмен аяқтады.

Сондай-ақ ұлттық құрама әйелдер арасындағы бәсекеде екі күміс және екі қола медальға ие болды. Лаура Ғаниқызы (50 кг), Алина Ертөстік (76 кг) екінші орын алды. 68 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ирина Казюлина және Елена Шалыгина үздік үштікті түйіндеді.

Фото: UWW

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар