Мәзір
Күрес

Париждегі Grand Slam турнирінде отандық дзюдошылар екі қола жүлде жеңіп алды

Сабина Асқарқызы 59 қаралым
Париждегі Grand Slam турнирінде отандық дзюдошылар екі қола жүлде жеңіп алды

Франция астанасы Парижде өтіп жатқан Grand Slam халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасының қоржынына екі қола медаль түсті, деп хабарлайды malimsports.kz.

 Жарыстың екінші күнінде Абылайхан Жұбаназар (81 келі) мен Нұрлыхан Шархан (100 келі) үздік үштіктен көрінді.

Абылайхан Жұбаназар қола жүлде үшін өткен белдесуде Аустрия спортшысы Бернд Фасчинді жеңді. Бұл – оның әлемдік Grand Slam турнирлеріндегі жетінші жүлдесі. Бұған дейін ол бір күміс және бес қола медаль иеленген.

Ал Нұрлыхан Шархан жұбаныш финалында нидерландтық Катарина Симеонды голден скорда вазари әдісімен ұтып, Қазақстан құрамасына кезекті қола жүлдені алып келді.

Айта кетейік, Париждегі беделді бәсекеге әлемнің 78 елінен 488 дзюдошы қатысып жатыр. Турнирдің алғашқы күнінде де қазақстандық Аман Бақытжан (60 келі) қола медаль еншілеген болатын.

 

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар