Хорватияның Загреб қаласында өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында грек-рим күресінен Өзбекстан ұлттық құрамасының намысын қорғаған, тегі қазақ Айтжан Қалмаханов алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
63 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен балуан финалдық белдесуде Оңтүстік Корея өкілі Чунг Хан Жаені айқын басымдықпен жеңді. Осылайша, Айтжан Қалмаханов Өзбекстанға грек-рим күресінен әлем чемпионатындағы соңғы 24 жылдағы алғашқы алтын жүлдені әкелді.
Аталған әлем біріншілігінде Өзбекстан құрамасы жалпы есепте 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль еншіледі. Жоғары нәтижесі мен тарихи жетістігінің арқасында Айтжан Қалмаханов Өзбекстанда «Жылдың ең үздік жас спортшысы» атағына ие болды.
Фото: Өзбекстан күрес федерациясы