Өзбекстандағы этникалық қазақ жігіті әлем чемпионы атанды

Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан ересектер арасындағы грек-рим күресінен әлем чемпионатында этникалық қазақ, Өзбекстан құрамасының балуаны Айтжан Қалмаханов тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ол 63 келі салмақта финалда оңтүстіккореялық Чон Хан-джэні жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Айтжан Қалмаханов финалда қарсыласын сенімді басымдықпен ұтып, жекпе-жек барысын толық бақылауда ұстады.
Ширек финалда ол Қазақстан балуаны Ержет Жарылқасыннан 8:0 есебімен басым түсті.
Бұған дейінгі белдесулерінде де қарсыластарына мүмкіндік бермей, шешуші кезеңге дейін жетті.
Небәрі 19 жастағы Қалмаханов соңғы жылдары жасөспірімдер мен жастар арасындағы ірі додаларда топ жарып үлгерді:
2022 жылы – U17 әлем чемпионы,
Азия және әлем чемпионаттарында – қола жүлдегер,
2025 жылы – жастар арасындағы әлем және Азия чемпионаттарының жеңімпазы.
Айтжанның қазіргі 63 келі салмағы Олимпиада бағдарламасына кірмейді. Сондықтан спортшының болашақта 67 келіге көтерілуі ықтимал. Бұл салмақта қазір Париж Олимпиадасының чемпионы, ирандық Саид Исмаили өнер көрсетіп жүр.
Фото: gettyimages


Ең көп оқылған
