Нұрқожа Қайпанов қола жүлде үшін күреседі

Қазақстандық еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалында моңғолиялық Тулга Тумур Очирден жеңіліп қалды, деп хабарлайды malimsports.kz.
70 келі салмақта белдескен Қайпанов қарсыласына 2:5 есебімен жол берді. Осылайша, өткен жылғы әлем чемпионатының алтын жүлдегері бұл жолы финалда өнер көрсете алмайды. Енді отандасымыз тек қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.
Моңғолиялық балуанның UWW (Халықаралық күрес федерациясы) базасында ресми парақшасы да жоқ. Ал финалда ол жапондық Йошиносуке Аоягимен белдеседі.
Айта кетейік, дәл осы спортшыны Нұрқожа былтырғы әлем чемпионатының финалында 5:3 есебімен ұтып, топ жарған болатын.
Бұған дейінгі нәтижелері
Загребтегі әлем чемпионатының алғашқы айналымдарында Қайпанов:
1/8 финалда америкалық балуанды 11:7 есебімен,
ширек финалда мексикалық қарсыласын 10:8 есебімен тізе бүктірген болатын.
Спорттық жолы мен жетістіктері
Туған жылы: 21 маусым 1998 жыл
Туған жері: Петропавл
Жетістіктері:
Азия чемпионатының қола жүлдегері (2018, жастар)
Д.Қонаев турнирінің финалисі (2018)
Үш дүркін Азия чемпионы (2019 – 70 кг, 2021 – 74 кг, 2025 – 74 кг)
Әлем чемпионатының финалисі (2019)
Азия чемпионатының финалисі (2022)
Д.Қонаев турнирінің жеңімпазы (2022)
Әлем чемпионы (2024)
Спорттық атағы: ҚР спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Фото: Біріккен күрес әлемі

Ең көп оқылған
