457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Нұрқожа Қайпанов пен Асылжан Есенгелдінің қола жүлде жолындағы қарсыласы белгілі болды

Қайпанов кеше жартылай финалда моңғолиялық спортшыға есе жіберген.

Хорватия астанасы Загребте еркін күрестен ересектер арасындағы әлем чемпионатының 2-жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бүгін Астана уақытымен 21:00-де басталтын сессияда Нұрқожа Қайпанов (-70 кг) пен Асылжан Есенгелді (-61 кг) қола жүлдеге таласады. Нұрқожа Василь Диаконмен (Молдова), ал Асылжан америкалық Джаксен Патрик Форрестпен күреседі. Елімізде бәсекені Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр.

Есенгелді бағана жұбаныш кезеңінде армениялық қарсыласы Манвел Хндзрцянның жауырынын жерге тигізді. Қайпанов кеше жартылай финалда моңғолиялық спортшыға есе жіберген.

Айта кетейік, Нұрқожа былтыр Тирана қаласында осы салмақта әлем чемпионы атанған. Асылжан - 61 кг дейінгі салмақта 23 жасқа дейінгі палуандар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы