457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Нұрқожа Қайпанов алғашқы айналымда АҚШ балуанымен белдеседі

70 келі салмақтағы Нұрқожа Қайпанов. Ол алғашқы айналымда қарсыласы болмай, келесі кезеңге жолдама алды. Енді ол америкалық балуан Питер Дж. Дюкпен кілемге шығады.

Хорватия астанасы Загребте күрес түрлерінен әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды malimsports.kz

Дүбірлі додаға Қазақстан еркін күрес құрамасы толық құрамда қатысып жатыр. Жарыс 21 қыркүйекке дейін жалғасады.

Еркін күрестен сынға түсіп жатқан балуандар арасында екі бірдей әлем чемпионы бар. Олардың бірі – 70 келі салмақтағы Нұрқожа Қайпанов. Ол алғашқы айналымда қарсыласы болмай, келесі кезеңге жолдама алды. Енді ол америкалық балуан Питер Дж. Дюкпен кілемге шығады.

Тағы бір әлем чемпионы – 97 келіде күресетін Ризабек Айтмұқан. Ол да жарыстағы басты үміткерлер қатарында. Айтмұқанның өнеріне жанкүйерлер ерекше сенім артып отыр.

Қазақстан құрамасы бұл біріншілікке толық құраммен қатысып жатқандықтан, балуандарымыз әр салмақта бақ сынайды. Жас балуандар үшін бұл чемпионат үлкен тәжірибе мектебі болмақ.

Әлем чемпионатында 100-ден астам елдің спортшылары белдеседі. Сондықтан да бұл дода жеңіс үшін ғана емес, алдағы Олимпиадаға жол ашатын маңызды жарыс саналады.

Фото: Ашық дереккөзден