457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Нұрдәулет Жарылғапов қазақ күресінен түйе палуандар сайысында топ жарды 

2 орынды Сұңғат Закарияов (Атырау), 3 орыды Әлібек Сәрсенғалиев (Ақтау) пен Қалмұханов Ғайса (Шетпе) иеленді.

Маңғыстаудағы Тобықты жерінде Бекет ата Мырзағұлұлының  275 жылдығына және рухани ұстазы Шопан атаның рухына арналған аста ұлттық спорт түрінен сайыстар өтті, деп хабарлайды malimsports.kz

Байрақты бәсекеде Қазақстанның бірнеше дүркін чемпиондары, «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпаздары мен қазақ күресінен Азия және әлем чемпионатының жүлдегерлері бақ сынады. Маңғыстау, Атырау, Шымкент, Қызылорда, Қарағанды және Ақтөбе өңірінен келген барлығы 14 палуан белдесуге қатысты.

Күрес аса тартысты өтіп, нәтижесінде 1 орын – Нұрдәулет Жарылғапов (Бейнеу), 2 орын – Сұңғат Закарияов (Атырау), 3 орын – Әлібек Сәрсенғалиев (Ақтау) және Қалмұханов Ғайса (Шетпе) иеленді. Жеңімпаздарға қомақты жүлде қоры табысталды – бірінші орынға – 2 миллион теңге, екінші орынға – 1 миллион теңге, үшінші орын алған екі спортшыға – 800 мың теңгеден берілді.

32 келілік гірді екі қолмен көтеру сайысына 10 спортшы қатысып, 1 орын – Оразалы Бектемірұлы (Шетпе), 2 орын – Мәлік Ахметов (Шетпе), 3 орын – Аманесен Бисенов (Жаңаөзен) және Бақытжан Советханов (Ақтау) иеленді. Жеңімпаздаға бірінші орында – 300 мың теңге, екінші орында – 200 мың теңге, үшінші орын иегерлеріне – 100 мың теңгеден табысталды.

Фото: МО қоғамдық коммуникация қызметі