Мәзір
Күрес

Нұрдәулет Қапас U23 әлем чемпионатының жұбаныш белдесуінде күреседі

Сабина Асқарқызы 216 қаралым
Нұрдәулет Қапас U23 әлем чемпионатының жұбаныш белдесуінде күреседі

Сербияның Нови-Сад қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды, деп жазады malimsports.kz.

Алғаш болып жарыс жолына грек-рим күресінің өкілдері шықты.

63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Нұрдәулет Қапас жұбаныш белдесуіне дейін жетті.

Жарыс барысында ол Молдова балуаны Виталий Еременкоға есе жіберген болатын. Алайда қарсыласы әлем чемпионатының финалына шыққандықтан, Қапасқа қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік туды.

Ол үшін Нұрдәулет жұбаныш белдесуінде жеңіске жетуі қажет.

Фото: ҰОК баспасөз қызметі 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар