457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Моңғолия құрамасындағы этникалық қазақ дзюдошысы Grand Slam турнирінде күреседі

Ол 60 келі салмақ дәрежесінде белдесіп, халықаралық деңгейде ел намысын қорғамақ. 

Ұлан-Батор қаласында өтетін дзюдодан Grand Slam турнирінде Моңғолия құрамасының сапында өнер көрсететін этникалық қазақ балуаны Қазырбек Йолк жарыс жолына шығады, деп хабарлайды malimsports.kz

Ол 60 келі салмақ дәрежесінде белдесіп, халықаралық деңгейде ел намысын қорғамақ. 

Қазырбек Йолк бұған дейін әлемдік және құрлықтық ареналарда бірқатар нәтижелерге қол жеткізген. Ол 2025 жылғы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған болатын. Бұдан бөлек, қандасымыз 2024 жылғы Токио Grand Slam турнирінде 5-орын, ал 2023 жылғы Ұлан-Батор Grand Slam жарысында 7-орын иеленген.

Осы нәтижелердің арқасында спортшы халықаралық рейтингте өз орнын нығайтып, 60 кг салмақтағы бәсекелі балуандардың қатарына қосылды. Моңғол бапкерлері оның басты артықшылықтары ретінде жылдамдығы мен тактикалық дайындығын ерекше бағалап отыр. 

Айта кететін жайт, Ұлан-Батордағы жарыс Қазырбек Йолк үшін маусымдағы маңызды старттардың бірі болмақ. Ол өз жерінде өтетін турнирде жоғары нәтиже көрсетуге үмітті.