Мәзір
Күрес

Мерей Мәулетханов Сербиядағы әлем чемпионатында Қазақстанға алғашқы жүлдені әкелді

Сабина Асқарқызы 226 қаралым
Мерей Мәулетханов Сербиядағы әлем чемпионатында Қазақстанға алғашқы жүлдені әкелді

Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы грек-рим күресінен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы медальға қол жеткізді.

Қазақстандық балуан Мерей Мәулетханов 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды.

«Қола медаль үшін өткен белдесуде отандасымыз ресейлік Данил Григорьевті айқын басымдықпен жеңді», – делінген ресми хабарламада.

Бұл жүлде – Қазақстан жастар құрамасының Сербияда өтіп жатқан әлем біріншілігіндегі алғашқы табысы.

Айта кетейік, бұған дейін грек-рим күресінен Қазақстан жастар құрамасының тағы бір өкілі Юсуф Мациев U23 әлем чемпионатының финалына жолдама алған болатын.

Фото: United World Wrestling

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар