Мәзір
Күрес

Мен жеңілгенді ұнатпаймын – Абиба Әбужақынова

Сабина Асқарқызы 70 қаралым
Мен жеңілгенді ұнатпаймын – Абиба Әбужақынова

Қазақстандық дзюдошы, әлемдік рейтингтің көшбасшысы Абиба Әбужақынова маусымды жоғары нәтижемен аяқтап, жетістігінің сырын айтты.

– Былтыр жылды екінші орында қорытындылаған едім. Биыл сәті түсіп, бірінші орынмен аяқтадым. Барша спортшыларға осыны тілеймін. Бұл – мен үшін де, Қазақ елі үшін де ерекше қуаныш, – деді спортшы Jibek Joly телеарнасының Бүгін LIVE бағдарламасында.

Рейтинг қалай жиналды?

Абиба жыл бойы жинаған 5096 ұпайдың қалай қалыптасқанын да түсіндірді.

– Биыл төрт ірі жарысқа қатыстым. Соның бірінде Гран-приде чемпион атансам, әлем чемпионатында күміс жүлде иелендім. Сонымен қатар екі Grand Slam турнирінде қола медаль алып, барлық жарыстан жүлдемен оралдым. Осы нәтижелер рейтингтегі ұпайымды арттыруға мүмкіндік берді, – деді ол.

«Татамиге ашумен шығамын»

Дзюдошы жарыс алдындағы ішкі дайындығын да жасырмады.

– Татамиге ашумен шығамын. Өз-өзіме «жеңілуге болмайды» деп қайраймын. Жеңілгенді ұнатпаймын. «Мен мұнда лидермін, мен мықтымын» деп өзімді жігерлендіремін, – деп атап өтті Әбужақынова.

Айта кетейік, Қазақстан дзюдошылары соңғы Grand Slam турнирін бір жүлдемен аяқтады. Сондай-ақ жуырда дзюдодан жастар арасындағы Қазақстан біріншілігі де мәресіне жеткен болатын.

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар