457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Мейіржан Шермаханбет Тиранадағы рейтингілік турнирдің чемпионы атанды

67 келі салмақ дәрежесінің финалында Шермаханбет грузиялық Диего Чхиквадземен белдесті

Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан Muhamet Malo рейтингілік турнирінде қазақстандық балуан Мейіржан Шермаханбет (67 кг) алтын медаль жеңіп алып, ел қоржынына грек-рим күресінен алғашқы алтынды салды.

67 келі салмақ дәрежесінің финалында Шермаханбет грузиялық Диего Чхиквадземен белдесті. Шешуші кездесуде қазақстандық спортшы қарсыласынан басым түсіп, 5:1 есебімен жеңіске жетті. Нәтижесінде Мейіржан алтын жүлдеге ие болса, грузиялық балуан күміс медальмен шектелді.

Айта кетейік, жартылай финалда ол тағы бір грузиялық спортшы Джони Хетсурианиді 3:1 есебімен жеңген болатын.

Мейіржан турнир барысында бірнеше мықты қарсыласын сенімді түрде артта қалдырды:

Эквадорлық Андрес Роберто Монтаньо Арройо – 9:0

Әзербайжандық Махаммад Шукурзаде – 4:0

Грузиялық Джони Хетсуриани – 3:1

Финалда Диего Чхиквадзе – 5:1

Осылайша, барлық белдесуінде жоғары деңгейде өнер көрсеткен қазақстандық балуан чемпиондық атаққа толық лайық екенін дәлелдеді.

Еске салсақ, Мейіржан Шермаханбет 2018 жылғы әлем чемпионатында қола жүлде алып, 2022 жылғы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алған.

Қазақстан құрамасының өзге жетістіктері

Бұған дейін еркін күрестен:

Болат Сақаев (86 кг)

Азамат Дәулетбеков (92 кг)

Ризабек Айтмұхан (97 кг)

қола жүлдегер атанған еді.

Ал әйелдер күресінен:

Зейнеп Баянова (50 кг)

Лаура Алмағанбетова (55 кг)

Жәмилә Бақбергенова (72 кг)

алтын медаль жеңіп алды.

Сондай-ақ Нилуфар Раимова (57 кг) мен Гүлмарал Еркебаева (76 кг) қола жүлдеге ие болды.

Грек-рим күресінен 63 келі салмақта сынға түскен Ернұр Фидахметов те жүлдесіз қалмады. Үшінші орын үшін өткен белдесуде ол ирандық Али Нураиден 6:3 есебімен басым түсіп, қола медаль еншіледі.

ФОТО: UWW