Елордада өткен дәстүрлі «Қазақстан Барысы-2025» турнирінде павлодарлық балуан Марат Байкамуров жеңімпаз атанды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ол финалда өткен жылғы "Қазақстан барысы" турнирінің жеңімпазы Ерасыл Қажыбаевты айқын басымдықпен ұтып, бас жүлдені иеленді.
Марат Байкамуров жартылай финалда ақтөбелік Ерасыл Аманкелдіні таза жеңіспен ұтқан болатын.
Ал Қажыбаев ширек финалда Нұрсұлтан Қожагелдіұлын жеңіп, жартылай финалда маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғаповпен белдесіп, жамбас ұпайымен басым түсті.
Осылайша, финалда Байкамуров қарсыласынан басым түсіп, биылғы «Қазақстан Барысы» атағын жеңіп алды.
Фото: Ашық дереккөзден