457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Маңғыстаулық спортшы өзіне берілген пәтерді бапкеріне сыйлады

Нұрсұлтан Жұбатқан өзіне сыйға берілген пәтерді жеке бапкері Жомарт Қобылановқа сыйға берді

Әмбебап жекпе-жектен екі дүркін әлем чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Нұрсұлтан Жұбатқан өзіне сыйға берілген пәтерді жеке бапкері Жомарт Қобылановқа сыйға берді, деп хабарлайды malimsports.kz otpannews.kz-ке сілтеме жасап.  

Маңғыстаулық кәсіпкер Сәкен Төребаев жас чемпионның табысты жетістіктері мен ел намысын жоғары деңгейде қорғағаны үшін оған сый ретінде Ақтау қаласынан бір бөлмелі пәтер берген болатын. Бұл ретте Нұрсұлтан Жұбатқан бұл сыйды бала кезінен өзін тәрбиелеп, үлкен спортқа баулыған бапкеріне ұсынды. 

«Барлық жетістігім - ұстазымның еңбегінің жемісі. Сол кісінің тәлімі мен сенімі болмағанда, мен бұл биіктерге жете алмас едім. Сондықтан осы сыйды ең әуелі соған арнаймын», - деді  Нұрсұлтан Жұбатқан. 

Бапкер өз шәкіртінің мұндай қадамы үшін алғысын білдірді.