Мәзір
Күрес

 Күрестен Париж Олимпиадасының чемпионы әлем чемпионатына қатыспайтын болды

Сабина Асқарқызы 72 қаралым
 Күрестен Париж Олимпиадасының чемпионы әлем чемпионатына қатыспайтын болды

Грек-рим күресінен 87 келіде Париж Олимпиадасының чемпионы атанған Болгария балуаны Семен Новиков 13–21 қыркүйек күндері Хорватияда өтетін әлем чемпионатына қатыспайтын болды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бұл туралы спортшы өз әлеуметтік желісінде хабарлады. Украинадан шыққан легионерді, биыл Еуропа чемпионатында күміс жүлде иеленгеніне қарамастан, Болгария күрес федерациясының басшылығы құрамадан шеттету туралы шешім қабылдаған.

«Кейде спортшылар денсаулығына немесе отбасылық жағдайына байланысты маңызды жарыстарға қатыса алмайды. Ал кейде бұған басшылықтың дұрыс емес шешімдері себеп болады. Өкінішке қарай, мен алдағы әлем чемпионатына бара алмаймын. Бірақ Болгария чемпионатында жеңімпаз атанып, 2025 жылғы Еуропа чемпионатында күміс жүлде еншілегенім бар. Федерация мен бапкерлердің шешімі сондай болды. Бір ай бұрын жастар арасындағы (U20) әлем чемпионатында да осындай жағдай қайталанып, құрамамыз бірде-бір медальсіз қалды. Мұндай додаға қатыса алмау оңай емес, бірақ, бәлкім, солай болуы керек болған шығар. Қолдау көрсетіп жатқан жанкүйерлеріме алғыс айтамын», – деп жазды Семен Новиков.

Айта кетейік, Семен Новиков 1997 жылы Харьков қаласында туған. 27 жастағы балуан осыған дейін 87 келі салмақта Еуропа чемпионатында үш мәрте жүлдегер атанған: 2020 жылы – алтын, 2023 жылы – қола, 2025 жылы – күміс медаль. Сондай-ақ ол 2020 жылғы Әлем кубогінде және 2023 жылғы әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алған. Ал 2024 жылғы Париж Олимпиадасында топ жарған еді.

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар