Мәзір
Күрес

Күрес түрлерінен келесі жылғы әлем чемпионаты Бахрейнде өтеді

Сабина Асқарқызы 75 қаралым
Күрес түрлерінен келесі жылғы әлем чемпионаты Бахрейнде өтеді

Хорватияда өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионаты аясында Халықаралық күрес федерациясы (UWW) келесі жылы ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтетін елді атады, деп хабарлайды malimsports.kz.

UWW мәліметінше, 2026 жылғы әлем чемпионаты 5–13 қыркүйек аралығында Бахрейннің Манама қаласында ұйымдастырылады.

Айта кетейік, Загребте өтіп жатқан еркін күрестен әлем чемпионатында Қазақстан қоржынында әзірге екі медаль бар. Ұлттық құрама спортшысы Асылжан Есенгелді (-60 кг) америкалық Джаксен Патрик Форресті жеңіп, үздік үштікті түйіндеді. Ал Нұрқожа Қайпанов молдовалық Василь Диаконнан басым түсіп, қола жүлдені жеңіп алды.

Еске сала кетсек, екі жыл бұрын Асылжан осы салмақта Тирана қаласында өткен 23 жасқа дейінгі палуандар арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған еді. Ал Нұрқожа үшін бұл – ересектер арасындағы әлем чемпионатындағы үшінші жүлде. Ол алғаш рет 2019 жылы елордада өткен әлем біріншілігінде күміс медаль иеленсе, былтыр Тиранада алтыннан алқа тақты.

 

Фото: ДРС

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар