457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Күрес түрлерінен әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құрама балуандары белгілі болды

Хорватия астанасы Загребте 13-21 қыркүйек аралығында күрес түрлерінен өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының балуандары белгілі болды

Хорватия астанасы Загребте 13-21 қыркүйек аралығында күрес түрлерінен өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының балуандары белгілі болды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бапкерлер бекіткен құрамға Олимпиада, әлем және Азия чемпионатында жүлде алған тәжірибелі палуандармен қатар түрлі жас санатындағы ірі жарыстарда тұғыр сатысына көтерілген жас спортшылар кірді. 

Грек рим күресі: 
Марлан Мұқашев (55 кг) 
Айдос Сұлтанғали (60 кг) 
Ержет Жарлықасын (63 кг) 
Дін-Мұхамед Қошқар (67 кг)
Мерей Мәулетқанов (72 кг)
Демеу Жадыраев (77 кг)
Альмир Төлебаев (82 кг)
Ислам Евлоев (87 кг) 
Рахат Бержанов (97 кг) 
Әлімхан Сыздықов (130 кг)

Әйелдер күресі: 
Светлана Анкичева (50 кг) 
Зейнеп Баянова (53 кг) 
Зульфия Яхьярова (55 кг) 
Лаура Алмағанбетова (57 кг) 
Виктория Хусаинова (59 кг) 
Тыныс Дүбек (62 кг) 
Бейбіт Сейдуалы (68 кг) 
Жәмилә Бақбергенова (72 кг) 
Эльмира Сыздықова (76 кг) 

Еркін күрес: 
Әділет Әлмұхамедов (57 кг) 
Асылжан Есенгелді (61 кг) 
Начын Куулар (65 кг) 
Нұрқожа Қайпанов (70 кг) 
Әлібек Әбдіқасым (74 кг) 
Болат Сақаев (79 кг)
Азамат Дәулетбеков (86 кг) 
Камил Куруглиев (92 кг) 
Ризабек Айтмұхан (97 кг) 
Әлішер Ерғали (125 кг). 

Фото: UWW