457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Күрес: Әлинұр Төлеуғали U17 әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі әлем чемпионатында қазақстандық балуан Әлинұр Төлеуғали қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз қола жүлде үшін өткен белдесуде ирандық Эсмаил Захердоустты жеңіп, әлем чемпионатының жүлдегері атанды.

Осылайша, Қазақстанның грек-рим күресі құрамасы әлем чемпионатын бір алтын, бір күміс және бір қола медальмен қорытындылады.

Еске салайық, бұған дейін Дияр Аманәлі (55 келіге дейін) әлем чемпионы атанса, Әли Алмас (48 келіге дейін) күміс медаль жеңіп алған болатын.

 

Фото: Біріккен күрес әлемі