457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Күрес: Айша Әбдімәлік U17 әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық балуан Айша Әбдімәлік Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған отандасымыз жартылай финалда Грекия өкілі Василики Каравануды сенімді жеңіп, алтын медаль үшін күресу мүмкіндігіне ие болды.

Енді Айша әлем чемпионатының финалында Моңғолия спортшысы Ариунул Болдбаатармен күш сынасады.

Сонымен қатар, 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатқан Аянат Мейнамбай қола медаль үшін белдеседі. Оның қарсыласы жұбаныш белдесулерінің қорытындысы бойынша анықталады.

 

Фото: Бірікке күрес әлемі