Кайл Снайдер мен Ахмед Тажудинов Мәскеуде қарымта белдесу өткізеді
Еркін күрестен Олимпиада чемпиондары Кайл Снайдер мен Ахмед Тажудинов 5 қыркүйекте Мәскеуде өтетін Real American Freestyle (RAF) турнирінде қайта кездеседі, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл туралы жарысты ұйымдастырушылардың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қос балуан бұған дейін биыл наурызда RAF турнирінде алғаш рет белдескен. Сол кездесуде америкалық Кайл Снайдер жеңіске жеткен болатын. Енді Мәскеудегі турнирде Тажудинов қарсыласынан есе қайтаруға мүмкіндік алады.
30 жастағы Кайл Снайдер – 2016 жылғы Олимпиада чемпионы және 2020 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. Сондай-ақ америкалық балуан төрт рет әлем чемпионы атанған (2015, 2017, 2022, 2025).
23 жастағы Ахмед Тажудинов Дағыстанда дүниеге келген және халықаралық жарыстарда Бахрейн атынан өнер көрсетеді. Ол – 2024 жылғы Олимпиада чемпионы және 2023 жылғы әлем чемпионы.
Фото: Біріккен күрес әлемі
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған