Ислам ойындарының қола жүлдесі үшін Нұрқожа Қайпанов белдесуге шығады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Әлем чемпионы жартылай финалда парсы балуаны Юнес Эмамичогаеиге 5:6 нәтижесімен жол берді.
Енді ол қола жүлде үшін қырғызстандық Орозобек Токтомамбетовпен күреседі.
Айта кетейік, бұған дейін Ризабек Айтмұқан финалға жолдама алды. Ол жартылай финалда Олимпиада чемпионы Ахмед Тажудиновті 15:3 есебімен жеңген болатын.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы