Мәзір
Күрес

Ислам Евлоев Ислам ойындарында күміс жүлдегер атанды

Сабина Асқарқызы 138 қаралым
Ислам Евлоев Ислам ойындарында күміс жүлдегер атанды

VI Ислам ынтымақтастығы ойындарында грек-рим күресінен алғашқы қазақстандық жүлдегер белгілі болды, деп хабарлайды malimsports.kz. 
87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ислам Евлоев күміс жүлдегер атанды. Ақтық сында қазақстандық спортшы 2025 жылғы әлем чемпионы Голамреза Фарохисенжанимен (Иран) белдесіп, 0:6 есебімен ұтылды.

Бұған дейін таеквондошы Бауыржан Хасенов Ар-Рияд қаласында өтіп жатқан VI Ислам Ынтымақтастығы ойындарының күміс жүлдегері атанған еді. 
Отандасымыз +82 кг салмақта финалда Марат Мавлановпен (Өзбекстан) күш сынасты.

Фото: ҚР спорт комитеті 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар