Мәзір
Күрес

Ислам елдері ойындарында алғашқы жүлде қоржынға түсті

Сабина Асқарқызы 187 қаралым
Ислам елдері ойындарында алғашқы жүлде қоржынға түсті

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Шерзод Давлатов Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс жүлдегер атанды.

Спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші орынды иеленді.

Финалда Давлатов түрік балуаны Салих Йылдызға жол берді.

Айта кетейік, бұл - Қазақстан құрамасының 2025 жылғы Ислам ынтымақтастығы ойындарындағы алғашқы медалі.

Сурет: Нұрғали Жұмағазы

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар