Грек-рим күресінен жаңа ел чемпиондары анықталды
Күрес түрлерінен Алматыда өтіп жатқан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында грек-рим күресінің 55, 63, 72, 77, 82 және 130 келі салмақ дәрежелерінде жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Күннің ең тосын жаңалығы 55 келіде финалға шығуы тиіс болған Қызылорда облысының балуаны Алпамыс Дастанбектің таңғы салмақ өлшеу рәсіміне келмей, жүлдеден айырылып қалуы болды.
Сонымен қатар еркін күресте танымал Әлішер Ерғали грек-рим стилінде алғаш рет финалға дейін жетіп, 130 келіде күміс медаль иегері атанды.
55 келі
Нұрзат Қабдрахимов (Жетісу обл)
Ерсін Абыйр (Жетісу обл)
Ерасыл Мұсан (Шымкент қ)
Рауан Бекімов (СҚО)
63 келі
Сайфулла Құрман (Ақтөбе обл)
Дастан Зарлыханов (Ақмола обл)
Еркебұлан Ардақов (Алматы қ)
Бақытжан Қабдыл (Алматы обл)
72 келі
Алматбек Аманбек (Алматы обл)
Николай Хапко (СҚО)
Нұрбек Қызыров (Астана қ)
Әлихан Дурсунов (Қостанай обл)
77 келі
Мерей Мәулітқанов (Астана қ)
Қаһарман Қисыметов (БҚО)
Талас Әшірханов (Жамбыл обл)
Тамерлан Шадукаев (Қостанай обл)
82 келі
Ибрагим Магомадов (Қарағанды обл)
Алмир Төлебаев (Алматы обл)
Диас Қалтай (Жетісу обл)
Омар Дүйсембек (Шымкент қ)
130 келі
Джохар Узаров (Шымкент қ)
Әлішер Ерғали (Жамбыл обл)
Олжас Сырлыбай (Қызылорда обл)
Әлімхан Сыздықов (Шымкент қ)
Фото: © olympic.kz
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған