Еркін күрестен бас бапкер тағайындалды
Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы тағайындалды. Бас бапкерлік қызметті Данияр Қайсанов атқарады.
Данияр Қайсанов - жаңа буынның өкілі, 2016 жылы Қазақстан спорт және туризм академиясын «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша, сондай-ақ 2021 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» бағыты бойынша тәмамдаған білікті маман.
2017 жылдан бастап Данияр Қайсанов еркін күрес бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі болды. Ірі халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азияның екі дүркін чемпионы, сондай-ақ Токиода өткен Олимпиада ойындарында жүлдеге бір табан жақын болды.
Еркін күрестен ұлттық құрама балуандарының алдағы жиыны ақпан айының алғашқы жартысында Алматы облысында ұйымдастырылып, бапкерлер құрамы толық таныстырылады.
Фото: ҰОК
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған