Еркін күрестен Қазақстанның 20 жасқа дейінгі жастар құрамасының аға жаттықтырушысы қызметіне Дәулет Ниязбеков тағайындалды.
Дәулет Шораұлы – еркін күрестен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, халықаралық дәрежедегі тәжірибелі спортшы. Ол ұзақ жылдар бойы ел намысын абыроймен қорғап, Олимпиада ойындарына (Лондон-2012, Токио-2020) қатысқан. Сондай-ақ әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, Азия чемпионы атанған.
Бозкілемде балуан ретінде ғана емес, бапкер ретінде де мол тәжірибе жинақтаған маманның жаттықтырушылық қызметі 13 жылдан асады. Әр жылдары балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде, ұлттық құрамада, сондай-ақ күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығында табысты еңбек етті.
Фото: ҰОК