Еркін күрес балуаны Нұрлан Бекжанов ардагерлер арасындағы әлем чемпионы
Венгрияның Татабанья қаласында еркін күрестен ардагерлер арасындағы әлем чемпионатында Нұрлан Бекжанов жеңімпаз атанды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл жарыста Қазақстан намысын қорғаған елордалық балуан Нұрлан Бекжанов 78 келі салмақ дәрежесінде қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып, екінші рет әлем чемпионы атанып отыр.
Осыған дейін, ол 2023 жылы дәл осы бағыттағы бәсекеде алтын жүлдегер атанған еді. Сондай-ақ, Нұрлан Бекжанов 2016 жылы Будапеште өткен ересектер арасындағы әлем чемпионатында еркін күрес тарихында болмаған рекорд орнатып, 70 келіде күміс жүлдеге ие болды.
Айта кететін жайт, аталған біріншілікте 130 келіде Нұржан Қатаев әлем чемпионы атанды. Аталған чемпионат 12 қазанға дейін жалғасады.
Фото: ҰОК баспасөз қызметі
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған