Еркебұлан Анапия Азия чемпионатының финалына жолдама алды
Таиландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі балуандар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық Еркебұлан Анапия алтын медаль үшін күресетін болды, деп хабарлайды malimsports.kz.
82 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін отандасымыз жартылай финалда Тәжікстан өкілі Мұхаммад Сұлтонзоданы 13:3 есебімен айқын жеңіп, шешуші кезеңге шықты.
Финалда Еркебұлан Анапия Иран балуаны Әлиреза Мохаммад Хоссейнимен күш сынасады.
Сонымен қатар Қазақстан құрамасының тағы үш спортшысы қола жүлде үшін белдеседі:
60 келіге дейінгі салмақта Алпамыс Болатұлы Жапония өкілі Юсукэ Хиротамен кездеседі;
67 келіге дейінгі салмақта Досбол Шамиль Үндістан балуаны Ануджге қарсы шығады;
97 келіге дейінгі салмақта Максим Украинцев Қытай спортшысы Синью Люмен қола медаль үшін күреседі.
Фото: ҰОК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған