Мәзір
Күрес

Елордада қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» турнирі өтеді

Сабина Асқарқызы 231 қаралым
Елордада қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» турнирі өтеді

18 қазанда Астана қаласында қазақ күресінен XIV Республикалық «Қазақстан Барысы» турнирінің финалдық кезеңі өтеді. Жарыс Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында (Қабанбай батыр даңғылы, 43) сағат 12:00-де басталады, деп жазады malimsports.kz. 

Бұл – ел намысын арқалаған ең мықты балуандардың бозкілемдегі шешуші айқасы. Турнирге облыстық іріктеу жарыстарының жеңімпаздары, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларының үздік спортшылары қатысады. Бұған қоса, өткен жылғы «Қазақстан Барысы» жеңімпазы мен «Әскер Барысы» турнирінің екі қатысушысы додаға қосылады. Барлығы 43 балуан белдесуге шығады.

Турнир жеңімпазы «Қазақстан Барысы – 2025» атағын иеленіп, ел мақтаны – «Алтын белбеу» мен алтын «Тайтұяқтың» иегері атанады.

Айта кетейік, биылғы жарыстың жалпы жүлде қоры – 27 миллион теңге.

Кім биыл елдің бас белбеуін тағып, жаңа «Барыс» атанады – бұл 18 қазан күні белгілі болмақ.

 

Фото: sportplustv.kz

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар