Дәулет Тұрлыханов қызметін табыстады
Қазақстан күрес федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов ұйым басшылығынан кетті. Ол бұл туралы федерацияның ресми парақшасында хабарлады.
Тұрлыханов төрт жылдық қызметін қорытындылап, өзімен бірге еңбек еткен барлық бапкерлер мен спортшыларға, өңірлік федерацияларға, төрешілерге, дәрігерлерге және серіктестерге алғыс білдірді.
«Бүгін мен Қазақстан күрес федерациясының президенті қызметін аяқтау туралы шешім қабылдадым. Соңғы 4 жылда күресті дамыту жолында маған серік болған әр жанға шынайы алғысымды айтамын. Менің басшылығым кезеңінде еліміз мақтан тұтарлық нәтижелерге қол жеткізді. Париж-2024 Олимпиадасының күміс жүлдесі, ересектер арасында 3 әлем чемпионы, 23 жасқа дейінгі спортшылардан 3 әлем чемпионы, 20 жасқа дейінгі 4 чемпион, 17 жасқа дейінгі 4 чемпион шықты. Бұл – біздің біртұтас команданың еңбегі», – деді ол.
Тұрлыханов халықаралық аренадағы қазақ күресінің беделінің артқанын, ірі турнирлердің жоғары деңгейде өткізілгенін және жас спортшыларға жол ашылғанын атап өтті.
«Спорт тек сабақтастық бар жерде дамиды. Жаңа команда жаңа идеялар мен тың серпін береді деп сенемін. Жаңа президентке табыс тілеймін. Әр қадамымыз жаңа жеңістерге бастай берсін. Мен елімізге қызмет етуді жалғастыра беремін», – деп түйіндеді ол.
Дәулет Тұрлыханов федерацияны бірнеше кезеңде басқарды: 2000-жылдардың басында президент болды, 2013 жылдан бастап вице-президент қызметін атқарды, ал 2021 жылы қайтадан президенттікке келген еді.
Енді федерация басшылығына жаңа президент сайланды.
Фото: Instagram
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған