457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Елдос Сметов халықаралық татамиге қашан оралатыны белгілі болды

Бұл жарыс Елдос Сметовтің Париж Олимпиадасынан кейінгі алғашқы ірі халықаралық додасы болмақ.

Қазақстандық дзюдоның аңызы, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов халықаралық татамиге қашан оралатыны белгілі болды.

Даңқты спортшы 2026 жылдың мамыр айында Астанада өтетін Grand Slam турниріне қатысуды жоспарлап отыр. Бұл жарыс Елдос Сметовтің Париж Олимпиадасынан кейінгі алғашқы ірі халықаралық додасы болмақ.

Алайда дзюдошы 2026 жылдың басында Франция астанасында өтетін Париждегі «Үлкен дулыға» турниріне қатыспайды. Бұған дейін спортшы жаттығу процесін қайта бастағанын хабарлаған еді. Олимпиададан кейін Елдос Сметов әлі бірде-бір халықаралық жарысқа шыққан жоқ.

Айта кетейік, Елдос Сметов – Қазақстан тарихындағы дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы. Ол:

2016 жылы Рио Олимпиадасында – күміс,

2020 жылы Токио Олимпиадасында – қола,

2024 жылы Париж Олимпиадасында – алтын медаль жеңіп алды.

Осылайша, Елдос Сметов елімізде Олимпиада ойындарының барлық жүлде жиынтығын толық иеленген санаулы спортшылардың қатарында.

Фото: ҰОК