Мәзір
Күрес

Елдос Сметов: «Екінші Олимпиада алтын медалін алғым келеді»

Сабина Асқарқызы 73 қаралым
Елдос Сметов: «Екінші Олимпиада алтын медалін алғым келеді»

Отандық дзюдо тарихындағы ең үздік спортшы Елдос Сметов Лос-Анджелес Олимпиадасында екінші алтын медалін жеңіп алуды басты мақсаты етіп отыр, деп хабарлайды malimsports.kz.

Париж Олимпиадасынан кейін үзіліс алған спортшы мотивациясы мен жоспарларын жариялады:
«Қазіргі басты мақсатым – екі дүркін Олимпиада чемпионы болу. Мен үш Олимпиадаға қатысып, барлық медаль түрін жеңіп алдым. Алайда Қазақстан тарихында Олимпиаданы екі рет жеңген спортшы болған емес. Мен тарих жасағым келеді», – деді Сметов.

Айта кетейік, Қазақстанда Олимпиадада екі мәрте чемпион атанған жалғыз спортшы – Илья Ильин болатын. Алайда ол допинг сынамасын тапсыра алмауына байланысты медальдарынан айырылған еді.

 

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар