457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Екі балуан әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Ол армениялық Виген Назарянмен болған айқаста жеңіліс тапқанымен, турнир кестесіне сәйкес келесі кезеңге жолдама алды.

Загребте (Хорватия) 13–21 қыркүйек аралығында өтіп жатқан ересектер арасындағы күрес бойынша әлем чемпионатында қазақстандық балуандардың кезекті кездесулері өтті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Дінмұхаммед Қошқар жарыстан шығып қалды

Грек-рим күресінің 67 кг салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Дінмұхаммед Қошқар алғашқы айналымнан сүрінді. Ол 1/16 финалда армениялық балуан Славик Галстянға қарсы шығып, 1:10 есебімен жеңіліп қалды.

Ислам Евлоев – ширек финалда

Қазақстандық Ислам Евлоев өз белдесуін сәтті аяқтап, ширек финалға жолдама алды. Ол қарсыластарын сенімді жеңіп, келесі кезеңге өтті.

Ержет Жарлықасын да келесі айналымда

Тағы бір отандасымыз Ержет Жарлықасын да әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Ол армениялық Виген Назарянмен болған айқаста жеңіліс тапқанымен, турнир кестесіне сәйкес келесі кезеңге жолдама алды.

Қазақ балуаны 1/8 финалда қарсыласын қапы қалдырды

Грек-рим күресінің 1/8 финалында қазақстандық спортшы солтүстіккореялық Чон Кимнен басым түсті.