Едіге Қасымбек Будапештегі рейтингтік турнирде топ жарды
Мажарстан астанасы Будапештте өткен күрестен халықаралық рейтингтік турнирде еркін күрес бәсекелері аяқталды. Қазақстан құрамасы жарыстың соңғы күнінде тағы бір алтын медаль еншіледі, деп хабарлайды malimsports.kz.
125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Едіге Қасымбек финалда Польша өкілі Камиль Томаш Косьчолекті сенімді жеңіп, турнир чемпионы атанды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Будапешттегі рейтингтік турнирді жалпы жеті жүлдемен қорытындылады. Бұған дейін 61 келіге дейінгі салмақта Асыл Айтақын алтын медаль жеңіп алса, 74 келіге дейінгі салмақта Нұрқожа Қайпанов күміс жүлдеге ие болды.
Ал қола медальдарды Әділет Әлмұхамедов (61 келіге дейін), Нұрданат Айтанов, Мейрамбек Қартбай (57 келіге дейін) және Начын Куулар (65 келіге дейін) жеңіп алды.
Сонымен қатар Будапеште әйелдер күресінен де рейтингтік турнир басталды. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасының мүшесі Зейнеп Баянова 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды.
Фото: ҰОК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған