Мәзір
Күрес

Дзюдошы Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингте көш бастады

Сабина Асқарқызы 117 қаралым
Дзюдошы Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингте көш бастады

Жыл соңында қазақстандық спортшының еншісінде 5096 ұпай бар. Ол 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде рейтингтің бірінші сатысында тұр, деп жазады malimsports.kz. 
Өкінішке қарай, басқа қазақстандық дзюдошылардың ешқайсысы үздік ондыққа ене алмады. Дегенмен Ғұсман Қырғызбаев (66 келіге дейін) пен Абылайхан Жұбаназар (81 келіге дейін) бұл межеге жақын болған еді. Екеуі де 14-орында тұр.
Айта кетейік, биыл Әбиба Әбужақынова Венгрияның Будапешт қаласында өткен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды.

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар